02
февраль
2022
Алғыс айту күніне арналған «Ризашылық – мейірімділік бұлағы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасын
Шымкент қаласы білім басқармасы әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Алғыс айту күніне арналған «Ризашылық – мейірімділік бұлағы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасын іске асыру мақсатында Еңбекші ауданына қарасты жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында 2022 жылғы 1 ақпан күні Халықтар Достығы Университеті базасында өткен «Ұшқыр ой алаңы» республикалық дебат турнирінің аудандық іріктеу кезеңінде Н.Д.Оңдасынов атындағы №38 мектеп-гимназиясының дебат клубының «Ұшқын» қазақ лигасынан 11 «Б» сынып оқушысы Садыбай Ақбота және 9 «Д» сынып оқушысы Алтынбек Арайлым І орынды, «Парасат» ағылшын лигасынан 10 «Г» Цуркан Константин және 10 «Б» сынып оқушысы Аймишева Әмина І орынды, «Мыслители» орыс лигасынан Скуратова Мария мен 8 «Е» сынып оқушысы Гуляихина Алина ІІІ орынды жеңіп алды.
«Ұшқын» қазақ дебат клубының жетекшісі: Султанова Айгул Садуақасқызы мен Әлібек Гулжан Серікқызы;
«Парасат» ағылшын дебат клубының жетекшісі: Тазабекова Карлыгаш Шаметовна;
«Мыслители» орыс дебат клубының жетекшісі: Гебель Елена Александровна;

