11
март
2022
ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ-ҰЛТ БОЛАШАҒЫ
Н.Оңдасынов атындағы №38 мектеп-гимназиясында 2022 жылдың 11 наурыз күні кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың, нашақорлыққа, суицидке жол бермеу, қыздар арасындағы ертежүктіліктің, адам саудасы, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы, керағар діни ағымдар мен секталардың іс-әрекеттердің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тәсілдері жөнінде Еңбекші ауданы әкімі аппараты әлеуметтік қорғау, мәдени даму және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы Искакова Әсел Еркінқызы, Наркодиспансерлік орталықтықтан дәрігер-нарколог Есбергенова Азима, «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» теолог мамандары Жолдасқызы Аружан мен Алмасхан Нұрдаулет мырзаның қатысуымен 9-11 сынып оқушыларына түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Және «Ырыс алды - Ынтымақ», «Ұлт аралық татулық», «Лайықты ұрпақ тәрбиелейік» жасөспірімдердің спортқа, өнерге, мәдениетке қызығушылығын арттыру мақсатында спорт шеберлері Шымкент қалалық №8 спорт мектебінің тәрбие жөніндегі орынбасары Есембаев Оралхан, заңгер Сәбит Айтас Бақытжанұлы, жаттықтырушы маман Ахатаев Абзалбек мырзамен кездесу өткізілді.