25
март
2022
"Дарын" орталығы, “Мәшһүр-Жүсіп оқулары” республикалық байқауы
Шымкент қаласының "Дарын" орталығының ұйымдастыруымен өткен Н.Оңдасынов атындағы №38 мектеп-гимназиясының 10 ”Б” сынып оқушысы Жайлаубай Ұлпан 8-11 сынып оқушыларына арналған “Мәшһүр-Жүсіп оқулары” республикалық байқауының үшінші “Білімді, зерек адам болам десең, қара өзіңді басқаның айнасымен” атты эссе жазу бағыты бойынша қалалық кезеңінен І орынды қанжығасына байлап, Республикалық кезеңге жолдама алды. Жеңісің құтты болсын! Биік белестерді бағындыра бер!
Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі - Ералиева Дариға Есжанқызы.
