16
апрель
2022
«Ана тілі отбасы - 2022» байқауы
Шымкент қаласы «Әдістемелік орталығы» Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, Мемлекет басшысы Қ.Токаевтың тапсырмасымен бекітілген «Балалар жылы» аясында Н.Оңдасынов атындағы №38 мектеп-гимназиясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Ана тілі отбасы - 2022» байқауы өткізілді. Бізде қонаққа Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталының бөлім басшысы Гүланар Анарбекқызы Қалдыбаева, Шымкент қалалық Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының бөлім басшысы Гүлшат Жаханқызы және Шымкент қалалық опера және балет театрының орынбасары Оразметов Марат мырза келіп, байқауға төрешілік етті. Байқау соңында әділ-қазылар алқасы өз ризашылығын білдірді. Алдағы уақытта мектебіміз «Ана тілі отбасы - 2022» байқауынан жоғары орындарға ие болады деген үміттеміз!
