28
апрель
2022
1 мамыр — Қазақстан халықтарының бірлігі күні
Н.Оңдасынов атындағы №38 мектеп-гимназиясында 1 мамыр — Қазақстан халықтарының бірлігі күні қарсаңында 5 сынып оқушыларын Республикалық бірыңғай "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылдау өткізілді. Оқушылар салтанатты түрде ант беріп, ұйымға қабылданды. Ұйым қатарына қосылған оқушыларымыз өздерін шығармашылық тұрғыдан дамытып, еліміздің дамуына үлес қосатын тұлғаға айналады деп сенеміз.
"1 мамыр – Халықтар бірлігі күні" күніне орай «Бірлік сабақтары» өткізілді. Мақсаты: оқушыларды ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу. Бір тудың астында өмір сүріп жатқан басқа да халықтардың озық мәдениетін, өзіндік үлгі - өнегесін оқушылардың бойына сіңіру.
"Бірлік бар жерде - тірлік бар" дейді біздің халық. Дана жұрт мұны тегіннен-тегін айта салмаса керек. Ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді. Береке-бірлігіміз арта берсін!

4 "А" сыныбында "Бірлігі жарасқан жас өренбіз!" тақырыбында тәрбие сағаты өтілді.
Мақсаты: оқушыларға Қазақстанда көпұлтты халықтар бірлік пен ынтымақтастықта өмір сүріп жатқанын, көпұлтты халықтың татулығы, ынтымақтастығы, бейбітшілігі біздің еліміздің ең басты байлығы екенін түсірдіру.