04
ноябрь
2022
ҚР Президенттігіне үміткер Қ.Тоқаевтың Шымкенттегі сенімді өкілдерімен кездесу
ҚР Президенттігіне үміткер Қ.Тоқаевтың Шымкенттегі сенімді өкілдері Н.Ондасынов атындағы №38 мектеп-гимназия ұжымымен кездесіп, сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Қоғамдық штаб мүшелері Бақтыбай Алипов, Сұлтанғали Қуандық, Бахтияр Спанов, Гүлжайна Жартыбекова кандидаттың сайлауалды бағдарамасының басымдықтарына тоқталып, Қасым-Жомарт Тоқаевтың жастарға және білім беруге қатысты саясатына баса назар аударды.
Өз кезегінде ұстаздар қауымы сайлаудағы таңдау алдағы жеті жылдағы даму бағытын айқындайтынын атап өтті. Сондықтан білім қызметкерлері маңызды саяси науқанға міндетті түрде қатысатындарын жеткізді.
