16
октябрь
2023
16-қазан Дүниежүзілік дұрыс тамақтану күні
16-қазан Дүниежүзілік дұрыс тамақтану күніне орай және “Дұрыс тамақтану - болашақтың ұлттық денсаулығы” атты апталықтың жоспарына сәйкес салауатты өмір салтын қалыптастыру және дұрыс тамақтануды насихаттауға арналған “Дұрыс тамақтану - болашақ ұлттың денсаулығы!” атты тақырып аясында мектеп медбикесі Ф.А.Тулеутаева мен әлеуметтік педагог А.Қуанышқызы 7-сынып оқушыларымен ақпарат бөлісіп, әңгіме жүргізді. Іс-шараның мақсаты: Дұрыс тамақтану туралы білімдерін жүйелеу және кеңейту. Оқушылардың жақсы денсаулығының, жан-жақты дамуының кепілдігі - тиімді және үйлесімді тамақтану болып саналатындығы туралы түсініктерді қалыптастыру.