21
октябрь
2023
5-сынып оқушылары арасында спорттық сайыс өткізілді.
«Дұрыс тамақтану- болашақ ұлттың денсаулығы!» атты апталықтың жоспарына сәйкес, 21 қазан күні "Сау болғым келеді!" атты ата-аналардың қатысуымен 5-сынып оқушылары арасында спорттық сайыс өткізілді. Сайыстың мақсаты: оқушылар мен ата-аналарға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру. Оқушыларды және ата-аналарды сұлу да, сымбатты, шымыр болу үшін, денені шынықтырудың, спортпен шұғылданудың қажет екендігінің манызын түсіндіру. Салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Аталған сайысқа 5-сынып оқушылары мен ата-аналары белсене қатысты. Нәтижесінде
1-орынды 5 “Г” сыныбы,
2-орынды 5 “В” сыныбы,
3-орынды 5 “Ж” және 5 “З” сыныптары иеленді.
Орын алған сыныптар мадақтама қағазымен және сыйлықтармен марапатталды.