09
март
2024
“8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні” мерекесіне орай мектебімізде сынып сағаттары өткізілді.
Шымкент қаласы білім басқармасына карасты Н.Оңдасынов атындағы №38 мектеп-гимназиясында “8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні” мерекесіне орай мектебімізде сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарында Халқымыздың батыр қыздарын еске алып, олардың да тарихта алар орны ерекше екенін және мәңгі жадымызда болатындығы жайлы оқушыларға түсіндірілді. Сонымен бірге, «Ана» - тұлғасы, әрбір адамзат үшін ерекше құрметке лайықты адам екені түсіндірілді. Оқушылар сынып сағаттарында анаға, ұстазға өлең шумақтарын арнады.



