21
август
2023
«Уақыт сынақтары және өзгерістердегі жастардың рөлі. Елдік және халықаралық жастар саясаты» атты азаматтық форумға қатысты.
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Н.Оңдасынов атындағы №38 мектеп-гимназиясының еріктілер тобы ағымдағы жылдың 18-19 тамызында «Интеллект» үкіметтік емес ұйымымен бірлесе отырып «Уақыт сынақтары және өзгерістердегі жастардың рөлі. Елдік және халықаралық жастар саясаты» атты азаматтық форумға қатысты. Азаматтық форум үш локацияда өтті: конференц зал Tauke khan plaza, eco vallage Kaskasu, этно қалашық Shymkala. Мектебіміздің еріктілері (10-сынып оқушылары) Манап Ұлжан және Гуляихина Алина «Лабиринт terra incognito» квесттің соңына дейін өтіп, 1-орынды иемденіп, сыйлықтармен марапатталды. «Интеллект» үкіметтік емес ұйымының директоры Сейдуалиев Абдугали Астана қаласында өтетін форумға шақыру алды. Сондай –ақ, форумға Қазақстан Республикасының Ақпарат және Қоғамдық даму министрі Д.Кыдырали және Шымкент қаласының әкімі М.Айтенов форумның ашылу салтанатына қатысты. Қатысушылар Астана, Қызылорда қалаларынан, Жамбыл және Түркістан облыстарынан да болды.