10
апрель
2024
«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында «Ұрпаққа аманат» жобасы
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Н.Оңдасынов атындағы №38 мектеп-гимназиясында ағымдағы жылдың 10-сәуірі күні «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында «Ұрпаққа аманат» жобасы негізінде «Экстремизм мен терроризмнің қоғамдағы қауіпі және онық алдын алу» тақырыбында Шымкент қаласы Дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығынан» дінтанушы-теолог маманы Садық Диана Нұржанқызы ханымның қатысуымен 9 сынып оқушыларымен және мектеп парламентімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында білім алушылармен дін жайында пайдалы ақпараттар мен дін туралы дұрыс бағыттар туралы айтылды. Кездесу соңында оқушылар маманға сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.