06
апрель
2024
Еліміздегі бірқатар өңірлер су тасқынының зардабына қалуына байланысты сын сағаттарды бастан өткізіп жатыр.
Еліміздегі бірқатар өңірлер су тасқынының зардабына қалуына байланысты сын сағаттарды бастан өткізіп жатыр. Мемлекет басшысы Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаев өз үндеуін де жариялады. Апат- айтып келмейді, тосыннан туындаған ауыр жағдай барша отандастарымызды бей-жай қалдырмайды. Осы су тасқынымен күресуде құтқарушылар мен төтенше жағдай қызметкерлері жұмыла күш біріктіріп, күшейтілген режимде жұмыс жасап жатыр. Табиғи апат жағдайында біз бірлік пен ынтымақтастық, сабырлылық таныта білуіміз керек. Қазіргі таңдағы басты мақсат-халқымыздың амандығы, ынтымақ пен бірліктің арқасында бұл қиындықты да еңсереміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
