20 НАУРЫЗ — ҰЛТТЫҚ СПОРТ КҮНІ » Шымкент қаласының білім басқармасының «Н.Оңдасынов атындағы №38 мектеп-гимназиясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Шымкент қаласының білім басқармасының
"Н.Оңдасынов атындағы №38 мектеп-гимназиясы"
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(771) 51-02-534
Есепші бөлімі:
+7(771) 51-02-534
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
март
2024

20 НАУРЫЗ — ҰЛТТЫҚ СПОРТ КҮНІ

20 НАУРЫЗ  — ҰЛТТЫҚ СПОРТ КҮНІ
Бүгін Наурызнама онкүндігінің жетінші күні. Бұл күн - Ұлттық спорт күні деп жарияланған. Ел ішінде өтетін кез-келген мереке ұлттық ойындарсыз өтпейді. Ең танымал спорттық шаралар, олар бәйге, көкпар, аударыспақ, жамбы ату, теңгеге ілу, құсбегілік және тоғызқұмалақ, асық ату, садақ тарту.
Осыған орай, республикалық Наурыз мерекесіне арналған онкүндік шеңберінде Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Н.Оңдасынов атындағы №38 мектеп-гимназиясында «Ұлттық спорт күні» өткізілді. Мектеп  оқушылары «Асық ату», «Арқан тартыс» сынды ұлттық ойындарды ойнады. Бұл ойын түрлері оқушыларға шапшаңдық, мергендік, төзімділік  қасиеттерін дамытуға көмектеседі.Осы ойындар арқылы көпшілік халқымыздың салт-дәстүрлерімен де таныса алады.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив