27
ноябрь
2023
«Мен волонтермін», "Біргеміз!" атты акциясының өтті.
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Н.Оңдасынов атындағы №38 мектеп-гимназиясы «Мен волонтермін», "Біргеміз!" атты акциясының өтуіне байланысты, мектептің жылдық жоспарына сәйкес, жылдағы дәстүр бойынша «№2 Төле би ауданы балалар үйі» достарымен кездесіп қайтты. 11 сынып оқушылары достарына дайындаған кішігірім сыйлықтарын және концерттік бағдарламасын ұсынып, барынша жақсы көңіл күй , жағымды атмосфера сыйлауға тырысты. Мектеп оқушылары Төле билік достарын келесі жылға «Наурыз мерекесін» бірге тойлауға шақырып, жылы лебіздерін білдірді.