23
ноябрь
2023
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында, «Ұрпаққа аманат» жобасында «Ертежүктіліктің алдын алу» , «Жасөспірімдер арасындағы зиянды әдеттерді болдырмау» тақырыптарында 8-9-10-11 сынып қыз балаларына арналған жиналыс өтті.
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №38 Н.Оңдасынов атындағы мектеп-гимназиясында 23 қараша күні «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында, «Ұрпаққа аманат» жобасында «Ертежүктіліктің алдын алу» , «Жасөспірімдер арасындағы зиянды әдеттерді болдырмау» тақырыптарында 8-9-10-11 сынып қыз балаларына арналған жиналыс өтті. Жиынның мақсаты: салауатты өмір салтын қалыптастыру, ерте жүктіліктің алдын алу, қыз баланың гигиенасы туралы түсінік беру. Жиынды Шымкент қаласының №2 қалалық ауруханасының гинеколог дәрігері Азимхан А.С және салауатты өмір салты дәрігері Агжігітова А.С жүргізді. Жиында сондай – ақ, мектеп – гимназиясының қыздар үйірмесінің жетекшісі Шапавалова И.Е және мектеп психологтары да қатысты. Қазіргі таңдағы жасөспірімдер арасындағы белең алып бара жатқан ерте жүктілік туралы дәрігерлер түсінідіріп берді. Қыз балалар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып , тиесілі жауаптарын алды.