22
ноябрь
2023
Н.Оңдасынов атындағы №38 мектеп-гимназиясының физика пәні мұғалімі, педагог-шебер педагогтердің аттестаттаудан өтуінің Ережесінің жаңа жобасын қолдаймын.
Мен, Әміров Ақылжан Әмірұлы Н.Оңдасынов атындағы №38 мектеп-гимназиясының физика пәні мұғалімі, педагог-шебер педагогтердің аттестаттаудан өтуінің Ережесінің жаңа жобасын қолдаймын. Педагогтарға Әлеуметтік кеңістікте қазіргі уақытта ең көп талқыланып жатқан сұрақ – Педагогтердің аттестаттаудан өтуінің Ережесінің жаңа жобасы. Бұл әлбетте заңды. Неге көңіл аударған жөн?
Ең негізгі идея – педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуын қамтамасыз ету. Мақсаттың өзі бірден жаңашылдықты көздейді. Себебі, Ереже бойынша енді педагог:
- аттестаттауға дайындалу үшін құжаттарын жинап, сақтап, портфолио жасап жүрмейді:
процесс автоматтандырылады;
- мемлекеттік органдарға барып, құжаттарын тапсырып жүрмейді: арызын жеке кабинетінде отырып жолдай алады;
- өзінің пәні бойынша ғана тестілеуден өтеді.
Педагогтің үздіксіз кәсіби дамуының Ұлттық платформасы құрылады. Осы ақпараттық жүйеде әрбір педагог өзінің жеке кабинетін ашып, оны басқару арқылы кәсіби біліктілігін арттыруға қатысты барлық әрекеттерді жүзеге асыра алады. Әрбір деңгейлер бойынша бағалау критерийлері дайындалған (Ереже жобасынан көруге болады), солар арқылы педагогтің кәсіби дайындық деңгейі үздіксіз бағаланады.
Алдағы уақытта педагогтен не талап етіледі?
- педагогтер аттестаттау кезеңі таяп қалған кезде ғана емес, ұдайы белсенді жұмыс жасау қажет (кейбір педагогтер біліктілік санатына ие болғаннан кейін 4 жыл бойы ешқандай белсенділік танытпай, тек аттестаттау уақыты жақындағанда құжат жинай бастайды); егер алғашқы жылы белсенділік төмен болса, платформа педагогке ескерту жібереді;
- біліктілік деңгейін мерзімінен бұрын алғысы келетіндер үшін ғана 5-6 жоғары талаптар қойылған;
- педагог өзінің тікелей міндеті – өз пәні бойынша тиімді дәрістер беріп, оқушыларының жоғары білім сапасын қамтамасыз етеді.
Түпкі мақсат – өскелең ұрпақтың білім сапасын арттыру, әрбір педагог үшін тиімді, әділ кәсіби біліктілігін арттыру жүйесін құру.
Осы бағыттағы бірлескен қызметімізде барша педагогтерді ашық, белсенді, адал болуға шақырамыз.