22
ноябрь
2023
Біртұтас тәрбие бағдарламасының «ЖЕТКІНШЕКІТІҢ ЖЕТІ ЖАРҒЫСЫ» жобасы аясында
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №38 Н.Оңдасынов атындағы мектеп-гимназиясы Біртұтас тәрбие бағдарламасының «ЖЕТКІНШЕКІТІҢ ЖЕТІ ЖАРҒЫСЫ» жобасы аясында, 21 қараша күні 9 сынып оқушыларына Шымкент қаласы Аль-Фараби АПБ ЮПБ УПИ Полиция майоры И.Демина, полиция капитаны М.Ауелов, полиция аға лейтенанты Ж.Орынбаев «Кибербуллинг құрбаны» атты тақырыпта жиын өткізді. Жиналыста бүгінгі таңдағы белең алып тұрған, кәмелет жасына толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың, зорлық зомбылықтың, буллинг және кибербуллинг туралы сөз қозғалды. Сондай-ақ , мектептен себепсіз қалатын оқушылар туралы, мектептен тыс уақытта ойынханаларда және түнгі 22:00-ден бастап, таңғы 6:00 ге дейін ата –анасының қамқорлығынсыз түнгі уақытта жүрген оқушыларға қолданылатын шаралар туралы түсіндірілді. Қазіргі қоғамда тек ұл балдар арасында ғана емес, сонымен бірге қыз балалардың арасында да орын алып бара жатқан буллинг мәселесі жайлы және осындай жағдайларда оған қарсы қолданылатын іс-шара, яғни ҚР заңнамаларында жазылған жауапкершілікке тарту мәселелері жайлы айтылды. Кибербуллинг құрбандары қандай жағдайда болатынын және оның алдын алу жолдары жайлы айтылды.