21
ноябрь
2023
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №38 Н.Оңдасынов атындағы мектеп-гимназиясында 20 қараша күні 7 -сынып оқушыларына “Мен таңдаған өмір!” атты психологиялық тренинг жүргізілді.
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №38 Н.Оңдасынов атындағы мектеп-гимназиясында 20 қараша күні 7 -сынып оқушыларына “Мен таңдаған өмір!” атты психологиялық тренинг жүргізілді. Тренингтің мақсаты жасөспірімдер арасындағы аутоагрессиялық мінез -құлықтың алдын алу. Өзін-өзі тануға , бағалай білуге , мақсатқа ұмтыла білуге, өмірді сүюге, бағалауға, өздеріне құрметпен қарауға, өз эмоциясын басқара білуге үйрету. Тренинг сәлемдесу жаттығуы яғни көрші отырған сыныптасының жақсы қасиетін айтудан басталды. Оқушылар бір-біріне жағымды эмоция сыйлап, көңілді атмосфера құра білді. Тренинг барысында оқушыларға психоэмоционалды қабілеттің қалыптасу жолдары, стресс туралы түсінік пен оның пайдасы мен зияны туралы мектеп психологтары түсіндіріп, стресстен арылу жолдарының бірнеше техникаларын бірге жасап көрсетті. Сонымен қатар оқушылар екі топқа бөлініп “Өмір деген не”, “Өмірдің мәні неде” деген сұрақтарға жауап жазуға тырысып, топтың алдында қорғап шықты. Тренинг оқушылар үшін әрі көңілді әрі танымды болды