02
ноябрь
2023
“Көңілі көтеріңкі ұстаздың, еңбегі де жемісті” атты тренинг өткізді.
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Н.Оңдасынов атындағы №38 мектеп-гимназиясында мұғалімдерімен мектеп психологтары Беккараева Ляззат пен Мәмбетова Перизат “Көңілі көтеріңкі ұстаздың, еңбегі де жемісті” атты тренинг өткізді. Тренингтің мақсаты мұғалімдердің психикалық көңіл-күйлерін көтеру, шығармашылық қабілеттерін бағалай білу, өздеріне құрметпен қарау, өз эмоциясын басқаруды үйрену, жағымды қарым-қатынас орнату. Тренинг барысында психологтар психоэмоционалды қабылеттің қалыптасу жолдарын түсіндіріп, сонымен қатар стресс туралы түсінік пен оның пайдасы мен зияны туралы ақпарат берді Ұстаздар өздерінің ішкі әлемімен, психоэмоционалды жай-күйлерімен бөлісіп, практикалық жаттығулар арқылы көңіл-күйді басқару жолдарын үйреніп, тренингті көңілді атмосферада аяқтады.