24
октябрь
2023
Н. Оңдасынов атындағы №38 мектеп-гимназиясында 21 қазан күні 8-9-10-11 сынып оқушылары арасында өзін-өзі басқару ұйымының мектеп парламенті президентінің сайлауы болып өтті.
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Н. Оңдасынов атындағы №38 мектеп-гимназиясында 21 қазан күні 8-9-10-11 сынып оқушылары арасында өзін-өзі басқару ұйымының мектеп парламенті президентінің сайлауы болып өтті. Сайлауда мектеп ұстаздары және оқушылар дауыс берді. Сайлау әділ өтті. Сайлауға түскен 20 үміткер сайлау алды жұмыстар жүргізіп, өз бағдарламаларын ұсынды. Сайлау нәтижесінде 9 «Е» сынып оқушысы Мырзалиева Сагида Аскаровна жеңіп шықты. Жұмысына творчестволық табыс тілейміз! Жеңіс құтты болсын Сагида! Алар асуыныз биіктен болсын!