23
октябрь
2023
БКО-мен мектеп ынтымақтастық шеңберінде 22 қазанда мектептің бақылау кеңесінің мүшесі, «Интеллект» үкіметтік емес ұйымның директоры Абдугали Малайжанович Сейдуалиев «Золотой осел Насреддина» атты премьер
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №38 Н.Оңдасынов атындағы мектеп-гимназиясы БКО-мен мектеп ынтымақтастық шеңберінде 22 қазанда мектептің бақылау кеңесінің мүшесі, «Интеллект» үкіметтік емес ұйымның директоры Абдугали Малайжанович Сейдуалиев «Золотой осел Насреддина» атты премьераға билетке демеушілік білдіріп, мектеп оқушылары орыс драма театрына барып қайтты. Қойылым-режиссеры : «Мәдениет саласының үздігі» Анатолий Петриченко. Театр - мәдениет ошағы, өнер ордасы. Ертегідегі таңғажайып оқиғаның күәсі болып, ертегі әлеміне саяхат жасап, оқушылардың демалыс ұақытын тиімді пайдалану мақсатында ұйымдастырылған іс-шара жақсы нәтижесін беріп қана қоймай, оқушы бойында түрлі жақсы қасиеттерді дамытуға өз үлесін қосады. Осындай керемет демалысты ұйымдастырып, оқушылармен ата-аналарына бірге уақыт өткізуге мүмкіндік берген Абдугали мырзаға алғысымызды білдіреміз!