16
октябрь
2023
«Дене тәрбиесі және спортты дамыту» бөлімі бойынша , ағымдағы жылдың 14 қазан күні 9,10,11 сыныптар арасында мектепішілік волейболдан турнир өтті.
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Н.Оңдасынов атындағы №38 мектеп-гимназиясында білім басқармасының қосымша білім беру оқу салалық орталығының 2023 жылы 18 қыркүйектегі №595 хатына сәйкес «Дене тәрбиесі және спортты дамыту» бөлімі бойынша , ағымдағы жылдың 14 қазан күні 9,10,11 сыныптар арасында мектепішілік волейболдан турнир өтті. Ойын соңында жеңімпаз командалар анықталды: 1 орын 11а сынып; 2 орын 10г сынып, 3 орын 9б иеленді. Әрбір сынып мектеп директорының мадақтамасымен және медалдарымен марапатталды.