14
октябрь
2023
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Н.Оңдасынов N38 мектеп-гимназиясында ағымдағы жылдың 11-12 қазан күндері 8-9 сыныптар арасында "Алтын күз" мерекесі өтті.
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Н.Оңдасынов N38 мектеп-гимназиясында ағымдағы жылдың 11-12 қазан күндері 8-9 сыныптар арасында "Алтын күз" мерекесі өтті. Сайысқа жалпы 8 сыныптардан 10 сынып, 9 сыныптардан 9 сынып қатысты. Байқау шарты 5 кезеңнен құралды. Әрбір сыныптың қатысушысы өзін таныстырудан бастап, өз өнерлерін көрсетіп, түрлі материалдардан сән үлгісін жасап, сыныптастарының қолдауымен , "Күз" тақырыбына сай түрлі икебаналар жасап өнерлерін көрсетті. Сайыс кезінде әділқазы алқалары байқау жеңімпаздарын анықтап, мақтау қағаздарымен марапаттады. Түрлі номинациялар бойынша да сыныптар белгілі болды. Оқушылар белсенді қатысып, өнерлерін паш етті!