30
сентябрь
2023
«Тілдер мерекесі» айлығының аясында мектебіміздегі 11-сынып оқушылары арасында О.Бөкейдің 80 жылдық мерейтойына байланысты «Үздік оқырман» байқауы өткізілді.
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Н.Оңдасынов атындағы №38 мектеп-гимназиясында «Тілдер мерекесі» айлығының аясында мектебіміздегі 11-сынып оқушылары арасында О.Бөкейдің 80 жылдық мерейтойына байланысты «Үздік оқырман» байқауы өткізілді. Байқауда оқушылар О.Бөкейдің «Атау кере» повесі бойынша жарысқа түсті. Байқау 3 кезеңнен тұрды:
Шығарманың тұсаукесерін жасау.
Шығармадан мәнерлеп жатқа айту.
Шығарманың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру.
Қатысқан 4 оқушының ішінде 11 «Ә» сынып оқушысы Әмір Балнұр жеңіске жетті. Мектебіміздің түлегі қазіргі таңда «Саз» колледжінің 2 курс студенті Бектас Сания флейтада өнер көрсетті. 11 «А» сынып оқушысы Әліқұл Шадияр домбырада күй орындады. Байқау соңында оқушылар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өз пікірлерін білдіріп, көп тіл меңгергендіктерін көрсетті.