26
сентябрь
2023
«Жасөспірімдер арасындағы қылмыстық іс-әрекеттің алдын алу.
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Н.Оңдасынов атындағы №38 мектеп-гимназиясында 2023 жылғы 25 қыркүйекте «Жасөспірімдер арасындағы қылмыстық іс-әрекеттің алдын алу. Жасөспірімдерді құқықтық сауаттандыру» тақырыбында полиция қызметкерлерімен кездесу өтті. 9,10,11-сынып оқушыларымен кездесуге Әл-Фараби АПБ бастығының полиция полковнигі Нұржігіт Халмұратұлы және Әл-Фараби АПБ ЖПҚБ бастығының орынбасары полиция майоры Ернар Қошанов келді. ЮПБ полиция капитаны, мектеп инспекторы Ауелов Марлен Тұрғанбековичте жиналысқа қатысты. Сондай-ақ, қамқоршылық кеңесінің мүшелері және полиция қызметкерлері жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық жайында, қылмыс туралы, сондай-ақ жаппай тәртіпсіздікке қатысып, тонаушылық пен бұзақылық жасағандардың жазасы туралы, олардан сақ болудың жолдарын түсіндірді. Түнгі уақытта жүрудің жасөспірімдердің өміріне қауіпті екенін ескертті. Сонымен қатар бүгінгі таңда оқу орындарында да, қоғамдық орындарда және сауда- саттық орындарында да бейнебақылау камералары өте көп екендігін, сондықтан қылмысқа барудың соңы жақсылыққа алып келмейтіндігін нақты мысалдар келтіре отырып жеткізді. Оқушылар өз тараптарынан сұрақтар қойып, тиісті жауаптарын алды.