«Отбасы күні» меркесіне орай бірнеше іс-шаралар аталып өтілді. » Шымкент қаласының білім басқармасының «Н.Оңдасынов атындағы №38 мектеп-гимназиясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Шымкент қаласының білім басқармасының
"Н.Оңдасынов атындағы №38 мектеп-гимназиясы"
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(771) 51-02-534
Есепші бөлімі:
+7(771) 51-02-534
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Отбасы күні» меркесіне орай бірнеше іс-шаралар аталып өтілді.
18
сентябрь
2023

«Отбасы күні» меркесіне орай бірнеше іс-шаралар аталып өтілді.

Шымкент қаласы білім басқармасына   қарасты «Н Оңдасынов атындағы №38 мектеп-гимназиясы» ШЖҚ МКК білім басқармасының «Қосымша білім беру оқу салалық орталығының» 2023 жылғы 08 қыркүйектегі №563 хатына сәйкес, Шымкент қаласының  Ішкі саясат және Жастар істері жөніндегі басқармасының 2023 жығы 04 қыркүйектегі №23-06-03/981 хаты негізінде, 11 қыркүйекте «Отбасы күні» мерекесіне орай Жаксылыкова Альфиса  Алпысбаевна 2 «А» сыныбының ата-аналар жиналысында «Мейірімділік жүректен» атты челлендж ұйымдастырды. Челлендждің ерекше сәттерінің бірі - балалардың жазған хаттарының арасынан өз баласының хатын табу болды.  Хатта жазылған ыстық тілектерді оқыған аналардың жүрегіне қуаныш ұялады. 
Жиналыс барысында басқа да өзекті мәселелер ортаға салынды. Мектеп формасы, баланың қауіпсіздігі, жолда жүру ережелері және биылғы оқу жылының оқу-тәрбие жоспары жайында сөз қозғалды. Челлендж өз мәресіне жетіп, жиналысқа келген әрбір қатысушы мейірімге толы, жақсы көңіл күйде тарқасты.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив