11
март
2024
АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ «Сенім арту – жетістік кепілі!»
АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ
«Сенім арту – жетістік кепілі!»
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Н. Оңдасынов атындағы №38 мектеп-гимназиясында 13 наурыз күні «Ата-аналарды қолдау бағдарламасына» сәйкес 3 - сынып жетекшісі Ахметова Гулнар ата-аналарына тренинг өткізді. Тренингтің мақсаты: ата-аналардың әртүрлі жағдайларда балаға тиімді көмек көрсетуге дайындығын қалыптастыру.
Міндеттері:
ата-аналардың баласына қандай да бір қиын жағдайда дұрыс және жедел көмек көрсетуге деген ұмтылысын ынталандыру;
ата-аналардың қиын жағдайлардың түрлері және оларға тап болған балаларды қолдаудың тиімді тәсілдері туралы түсініктерін кеңейту;
қиын жағдайларды шешу кезінде ата-аналардың баланың күшті тұстарына сүйену дағдыларын дамыту.
Тренинг барысында ата-аналарға отбасында оқушы үшін психологиялық орта құруға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Ата-аналар топтық жұмыстарға белсене қатысып, өз ойларын айтты.