27
февраль
2024
Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің имиджін насихаттау
Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты Н.Оңдасынов атындағы №38мектеп –гимназиясында 26 ақпан күні Білім басқармасының Әдістемелік орталығы Шымкент қорғаныс істер жөніндегі департаментінің 2024 жылғы 2 ақпандағы №1417/1417/14 шығыс хатына сәйкес Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің имиджін насихаттау, әскери қызметке жасөспірімдерді дайындау, шақыруға дейінгі жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша, жоспарға сай «Елді ояту үшін, тарихты ояту керек» және «Біртұтас тәрбие бағдарламасына» сәйкес 15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерінің шығарылғанына 35 жыл толуына орай «Ауған соғысының жаңғырығы» атты Ауған соғысының ардагері Юнусов Мухамадали Юсупалиевпен мектеп адал ұрпақ еріктілерімен және оқушылармен кездесу болып өтті. Кездесу барысында соғыс кезінде басынан өткерген жағдайлармен, болған оқиғалармен бөлісіп, оқушыларға патриоттық тәлім тәрбиенің маңыздылығы жайында атап өтті. Қазіргі таңда аспанымыз ашық, тыныштық заманның қадір-қасиетінің қадірін біліп, татулықта және бірлікте өмір сүру керектігі жайлы айтылды. Кездесу соңында білім алушылар өз сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.