01
сентябрь
2022
БІЛІМ КҮНІ-"БІЛІМГЕ ҰМТЫЛУ, ЕҢБЕКСҮЙГІШТІК ЖӘНЕ ПАТРИОТИЗМ"
БІЛІМ КҮНІ-"БІЛІМГЕ ҰМТЫЛУ, ЕҢБЕКСҮЙГІШТІК ЖӘНЕ ПАТРИОТИЗМ"
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Н.Оңдасынов атындағы №38 мектеп-гимназиясында
1қыркүйек- Білім күніне арналған «БІЛІМГЕ ҰМТЫЛУ, ЕҢБЕКСҮЙГІШТІК ЖӘНЕ ОТАНШЫЛДЫҚ» атты салтанатты мерекелік іс-шара болып өтті. Білім күні - барша ұстаздар мен оқушылардың жарқын да ізгі мерекесі. Әсіресе, мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіндер үшін айтулы күн.
Салтанатты жиыннан кейін әр сыныпта "Менің мектептегі алғашқы күнім", "Менің жарқын жазғы оқиғаларым"," Менің саяхатым" тақырыптары аясында тәрбие сағаттары өтілді.
