Али, жеңісіңіз құтты болсын! Жарайсыз!
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Н.Оңдасынов атындағы №38 мектеп-гимназиясының 7 «А» сынып оқушысы Уалиханов Али, қаламыздың Armans academy футбол клубының ойыншысы, ағымдағы жылдың 23-24 қыркүйек күндері, Түркістан қаласында өткен «Таукент кентінің 40 жыл» толуына орай ұйымдастырылған республикалық футбол турнирінде «Үздік ойыншы» номинациясымен марапатталды. Али, жеңісіңіз құтты болсын! Жарайсыз!