01
сентябрь
2023
1 қыркүйек –«Білім күні»
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Нұртас Оңдасынов атындағы №38 мектеп-гимназиясында білім басқармасының 2023 жылдың 29 тамыздағы №10-07-07/4606 хаты негізінде 1 қыркүйек –«Білім күні» мерекесіне арналған «МЕКТЕБІМ – МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» атты салтанатты жиын болып өтті. Бүгінгі мерекенің әрбір адам өмірінде алар орны ерекше. Әсіресе , мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер үшін бұл күн мәңгі есте қалады. Мектебімізге биылғы оқу жылына 250 балапан білім есігін ашты. Алғашқы ұстаздарымен білім жолында қызықшылықтарға толы әлемге нық қадам басып, адамгершілік қасиеті мол , тәрбие құндылықтарын бойына сіңірген, білімді де парасатты тұлға болып өсулеріне тілектеспіз!
Салтанатты жиын барысында мектеп –гимназияның директоры Жусупова Айман Султанбековна мерекеге орай 1 сынып оқушыларын , ата-аналарды және ұстаздарды құттықтап, бітіруші 11 сынып оқушыларына жылы лебізін білдіріп, мамандық таңдауда дұрыс шешім қабылдап, сол бағытта аянбай еңбек ету керектігін алға тартып, жаңа оқу жылына сәттіліктер тіледі. Кеш барысында, мектеп қабырғасына алғаш рет келген балалар да тақпақтарын, әндерін айтып салтанатты жиынға атсалысты. Мерекелік жиын мектеп оқушыларының концерттік бағдарламасымен жалғасын тауып, жаңа 2023-2024 оқу жылының алғашқы қоңырауы да соғылды. Жиын соңында 1 сынып оқушылары «Менің алғашқы – ұстазым» және 11 сынып оқушылары «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» тақырыптарында республикалық сынып сағаттарымын жалғасын тапты.