15
декабрь
2021
Жусупова Аймана Султанбековна
ӨмірбаянМен, Жусупова Аймана Султанбековна 1974 жылы 21 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара қаласында дүниеге келдім.
1981 жылы Шымкент қаласындағы В.И.Ленин атындағы №8 орта мектептің бірінші сыныбына бардым. 1991 жылы мектепті бітіріп, Шымкент қаласындағы ХҚТУ-нің бастауыш сынып факультетіне түстім.
1995 жылы университетті аяқтап, Шымкент қаласындағы «Аистенок» балабақшасында тәрбиеші болып жұмыс жасадым, қосымша ағылшын тілі пәнінен сабақ бердім.
1997 жылы «Гүлдер» балабақшасына аға тәрбиеші қызметіне ауыстырылдым.
1998 жылы «Гүлдер» балабақшасының меңгерушісі қызметіне ауыстырылып, тағайындалдым.
1999 жылдан бастап М.Х. Дулати атындағы №8 гимназияға директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметі бойынша жұмыс жасадым.
2003 жылғы сәуір айынан бастап Н.Д.Оңдасынов атындағы №38 гуманитарлық мектеп-гимназиясының директоры қызметін атқарып келемін.
Тұрмыстамын. Үш қыз, бір ұлым бар.
Мекен-жайым: Шымкент қаласы, М.Дулати улица, 8-үй, 24-пәтер.